Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ермек Имантаев лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысының экс-әкімі қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу сотының 10 ақпандағы қаулысымен Қылмыстық кодекстің  361-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деп күдіктінің И. ісіне қатысты (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) 2023 жылғы 8 сәуірге дейін екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді», – делінген соттың баспасөз таратқан хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.