Қазақстан аумағында жер сілкінді

Автор: Azattyq Rýhy

Жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат жоқ

фото: ашық дереккөзден

Бүгін Алматыдан шығысқа қарай 303 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 08:10-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.4. MPV магнитудасы – 3,8. Тереңдігі – 15 шақырым.