Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны азайды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың көбі амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр 

Фото ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 12 ақпандағы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өткен тәулікте елімізде 46 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

1 647 адам коронавирус инфекциясынан (–1 485+ және 162 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 137 пациент стационарда, 1 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр және 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Тегтер: