Маңғыстау облысында екі адам жол апатынан қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жарақат алған бір адам облыстық ауруханаға жеткізілді

Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында екі адам жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

11 ақпан сағат 13:30 шамасында Ақтау-Баянды тас жолының 11 шақырымында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу маневрін жасау кезінде Mercedes-Benz автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан қаза тапты.

Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: