Қазір 938 адам сиятын 4 вагонды жылжымалы құрам қатынап жүр
Алматы метрополитен желісіне қосымша жылжымалы құрам қосылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, 13 ақпаннан бастап метро желісінде 10 құрам қызмет көрсетеді. Жаңа құрам қосылған соң қозғалыс аралығы қарбалас сәтте 6 минут 12 секундке дейін қысқарады.
2022 жылы екі жаңа станция қолданысқа беріліп, жолаушылар ағыны екі шамамен есеге артып, 85 мыңға жетті.