Түркиядағы зілзала кезінде құлаған элиталық тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі әуежайда ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жер сілкінісі нәтижесінде үйлер құлағаннан кейін ағайынды екеуі де хабарсыз кеткен

life.ru

Стамбул әуежайында жер сілкінісі кезінде толығымен қираған Хатай провинциясындағы тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі Мехмет Яшар Джошкун ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Элиталық тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізген компания ағайынды сәулетші Мехмет Яшар Джошкун мен құрылыс инженері Хусейн Ялчын Джошкунға тиесілі. Жер сілкінісі нәтижесінде үйлер құлағаннан кейін ағайынды екеуі де хабарсыз кеткен. Оларға қатысты тергеу басталып, қамауға алуға санкция берілді.

Ал бүгін шетелге ұшпақ болған жерінен Мехмет Яшар Стамбул әуежайында ұсталды.

Полицияның хабарлауынша, ағайындылардың бірі Хусейн Ялчин қазір Черногорияда.