Алматыда 3 мың шетелдік көлік заңдастырылды

Автор: Әйгерім Ердәулет

23 қаңтардан бастап Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталған

Фото: РИА Новости

Алматыда шетелден әкелінген 3 мың көлік заңдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгінгі таңда 3 мыңға жуық көлік тіркеу рәсімінен өтті. Кешегі күні ғана Алматыдағы төрт арнайы ХҚКО-да 125 көлік қазақстандық тіркеуге қойылды. Экстерриториалдылық қағидасы қолданылатынын айтып өтейік. Алматы қаласында тіркелген шетелдік көліктердің жалпы санынан 880 көлік 05 аймақтың (Алматы облысы), 475 - 08 аймақтың (Жамбыл облысы), 73 - 19 аймақтың (Жетісу облысы), 57 көлік - 13 аймақтың (Түркістан облысы) және т.б. аймақтардың нөмірлерін алды. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасына әкелінетін шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы тапсырмасын іске асыру аясында жүргізілуде», - деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Еске салайық, 23 қаңтардан бастап Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталған.