1991-1994 жылдар аралығында ҚР Үкіметін басқарды
Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко 72 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сергей Терещенко 1951 жылы 30 наурызда Ресейдің Приморск өлкесінде дүниеге келген.
1973 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 1993 жылы Ресей Ғылым академиясының Экономика институтын бітірген.
Еңбек жолын Түлкібас ауданындағы Куйбышев колхозының бас инженері қызметінен бастаған.
Сергей Терещенко 1991-1994 жылдар аралығында ҚР Үкімет басшысы болды.
1994 жылдан «Интеграция» халықаралық қорының басқарма төрағасы және түпкілікті бенефициары болды.
1998-1999 жылдары ҚР президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевты қолдау жөніндегі Қоғамдық штабты басқарды.
1999 жылғы наурыздан 2002 жылғы қазанға дейін қатарында 300 мыңнан астам адамды құраған «Отан» республикалық саяси партиясы төрағасының міндетін атқарушы;
2002 жылдың қарашасынан – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары;
2004 жылғы 15 сәуірден бастап Қазақстандық сақтандыру нарығына қатысушылар қауымдастығының президенті болды.
Мемлекеттік қызметте жұмыс істегеннен кейін жеке кәсіпкерлікпен айналысты.
2010 жылдың наурыз айында Ұлттық омарташылар одағын құрды.
Терещенко – Қазақстанның Еңбек Ері, көптеген орден иегері.