Ішкі көші-қон: қазақстандықтар қай қаланы көп таңдайды

Автор: Мира Байбек

Былтыр Алматыда халықтың таза ағыны 35,3 мың адамды құраған

Фото: 365info.kz

Алматы ел ішіндегі көшіп-қонушылардың ең көп таңдайтын қаласы болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2022 жылы Алматыда халықтың таза ағыны 35,3 мың адамды құраған. Бұл Астанамен салыстырғанда 1,5 мыңға артық. Мұндай мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы ұсынды.

Көші-қон саласында Алматының көш бастап тұруы айтарлықтай жаңалық емес емес, өйткені қала осы көрсеткіш бойынша онсыз да алда келеді. Дегенмен 2021 жылы алдыңғы орында Астана тұрған еді, енді Алматы қайтадан тізімнің басына оралды.

«2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда Алматыда қоныс аударғандар саны 20,7%-ға немесе 6 мың адамға өсті. Өсім Алматы (30,4 мыңнан 36,6 мың адамға) және Жамбыл (6,5 мыңнан 7,6 мың адамға) облыстарынан көшіп келушілер санының артуы есебінен болды», - деп жазады DataHub талдау орталығы.

Қазақстандықтар Астанаға да жиі қоныс аудара бастады, бірақ айырмашылық бұрынғыдан соншалықты көп емес – 1,9 мың адам.

Сондай-ақ Түркістан облысынан (6,5 мыңнан 7,3 мың адамға) және Шымкенттен (3,4 мыңнан 4,2 мың адамға) ішкі көшіп-қонушылардың саны айтарлықтай өскен.