Ресей  Чехиядағы сайлауға әсер етуге тырысты – чехиялық ІІМ

Автор: Аягөз Құрмаш

Павелға қарсы сайлау манипуляцияларының арасында кандидат қайтыс болды деген жалған ақпарат тараған

Петр Павел (Фото: David W Cerny / Reuters)

Чехияның сайланған президенті Петр Павелге қарсы сайлау кезінде жіберілген жалған ақпарат пен арандатушылықтың артында Мәскеу тұр. Бұл туралы Чехияның ішкі істер министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство 2023 жылғы қаңтарда ел президентін сайлау кезінде жалған ақпарат пен манипуляцияларға талдау жүргізгенін хабарлады. Олар Петр Павелге жиі шабуыл жасалғанын атап өтті. 

«Сайлаудың екінші турына дейін кең таралған және манипулятивті түрде өңделген бейне пайда болды, онда Павел Чехия Ресей Федерациясымен соғысуы керек деп мәлімдеді, бірақ ол бұл туралы ешқашан айтпады», - деп атап өтті Чехия ІІМ.

Бейнені Еуропалық Одақтың санкциялар тізіміне енгізілген ресейлік Sputnik-ке тиесілі neČT24 Telegram каналы бірінші болып жариялаған.

Айта кетейік, Петр Павел 2023 жылдың 9 наурызында ант қабылдап, Чехия президенті атанады. Ол 10 жыл билікте отырған Милош Земаның орнына келді.