70 мыңнан астам адам жараланды
Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 17 134 адамға дейін өсті, 70 мыңнан астам адам жараланды, деп хабарлады Республика билігі.
Айта кетейік, сейсмологтар Сирия шекарасына жақын орналасқан Түркияның Газиантеп қаласының маңында 6 ақпанға қараған түні 7,7 баллдық жер сілкінісін тіркеді. Күндіз тағы 7,6 баллдық жер сілкінісі болды.
Елдегі алғашқы жер сілкінісінен бастап кем дегенде 285 қайталанатын жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкіністерінің көп бөлігі Түркияның орталық бөлігінде байқалды.