Қазақстандықтар Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге 100-ге жуық киіз үй жібереді

Автор: Azattyq Rýhy

Киіз үйлерді алу үшін 20 млн теңгеден астам қаражат жиналған

Фото ашық дереккөзден

Қазақстандықтар Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге 100-ге жуық киіз үй жібереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көмекті ұйымдастырушы Нұрбек Бекбау қазақстандықтардың 20 млн теңгеден астам қаражат жинағанын хабарлады. Қазіргі уақытта 17 млн 300 мың теңгеге 45 киіз үй алынған. Қалған 2 млн 700 мың теңгеге тұрмыстық заттар (ошақ, қазан, ыдыс-аяқ) алынады.

Одан бөлек, отандық кәсіпкерлер 50 киіз үй сатып алып, әуежайдың қоймасына жеткізген.