Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау жүріп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 14 мыңнан асты

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айта кетейік, Түркияда 7 ақпанға қараған түні жер сілкінісі тіркелді. Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік департаменттің мәліметінше, жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де 7 шақырым тереңдікте болған.

Жерасты дүмпулері одан кейін жарты сағат бойы әртүрлі аймақта – Адана, Анкара, Анталия, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Шанлыурфада сезілді.

Соңғы мәліметтер бойынша Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 14 014-ке, жараланғандар саны 63 794-ке жетті.