Зардап шеккендер жоқ
Бүгін күндіз Астана қаласындағы Айнакөл көшесінде орналасқан ТҚКС-лардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 13.57-де Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне Айнакөл көшесінде орналасқан ғимараттың өртенгені туралы хабар келіп түсті.
«Өрт сөндірушілер аталған мекенжайға бес минутта жетіп, жеке үйге жапсарлас орналасқан 200 шаршы метр аумақты құрайтын бір қабатты ТҚКС-ның өртенгенін анықтаған. Сондай-ақ ТҚКС-ның ішіндегі екі көлік толығымен өртеніп кетті. Өрт сөндірушілердің күшімен жақын маңдағы үйлерге өрттің таралуы болған жоқ, қызыл жалын 15.25-те толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.