Павлодар облысында кәмелетке толмаған бала зорлық ісі бойынша 7,5 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Фото ашық дереккөзден

Кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс жабық отырыста қаралды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кәмелетке толмаған жәбірленушіге бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Қылмыс аса ауыр санатқа жататындықтан 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда кәмелеттік жасқа толмағандықтан, заң бойынша бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жылдан аспауы керек», – деді ауданаралық сотта.

Нәтижесінде сот жасөспірімді орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеумен 7,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Жәбірленушінің пайдасына қарай азаматтық талап бойынша сотталушының заңды өкілінен екі миллион теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.