07.02.2023, 21:54
Жаңалықтар
Қостанай облысында жол апатынан егіз балалар мен олардың анасы қаза тапты
Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото ашық дереккөзден
Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан егіз балалар және олардың анасы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты ақпанның 7-де Қостанай- Қарабұтақ тас жолының 470 шақырымында орын алды. JAC S3 автокөлігінің жүргізушісі алдындағы машинаны басып озғысы келіп қауіпсіздікке көз жеткізбестен қарсы қозғалыс жолағына шығып, ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты: 9 жасар балалар және олардың 33 жасар анасы. Тергеу жүргізілуде. Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4 б Жол жүру ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция жүргізушілерге жол ережелерін сақтауларын сұрайды.
Көп оқылған
04.09.2026, 09:48
Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО)
04.09.2026, 12:42
Мойнына қалың сым орап, мәйітін каналға тастаған: Қызылордада қылмыскер 20 жылға сотталды
04.09.2026, 11:20
Түркістанда ер адам 25 жыл отасқан жұбайын пышақтап өлтірген: 54-тегі әйел ауруханада жан тапсырды