07.02.2023, 21:20
Жаңалықтар
Түркиядағы зілзала кезінде отандасымыз із-түзсіз жоғалып кетті
Мирус Құрмашев Хатай қаласында болған
Фото ашық дереккөзден
Түркиядағы зілзала кезінде отандасымыз із-түзсіз жоғалып кетті. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аstana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Хатай қаласында болған.
Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, жер сілкінісінен кейін онымен байланыс үзілді. Отбасы мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіруде, бірақ әлі де ешқандай хабар-ошар жоқ. Мирустың бауыры мен достары, еріктілер бүгін түнде іздестіру жұмыстарын күшейту үшін Анадолы жеріне сапар шекпек. Бұл жөнінде әлеуметтік желідегі жазбада хабарланды.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды