Жамбыл облысында әділет кеңесшісі пара алып жатқан жерінен ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысында пара алып жатқан жерінен әділет кеңесшісі ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми мәліметке сәйкес, ҰҚК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментінің бесінші басқармасы ҚР Бас прокуратурасы ІТД-мен бірлесіп, өтелмеген жазасының бөлігі бойынша сотталған адамды босатуға қатысты оң шешім шығаруы үшін 3 млн теңге ақшалай пара алу кезінде мемлекеттік айыптаушылар бөлімінің аға прокуроры, әділет кеңесшісі Жақыпов Ғалымжанды ұстады.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.