«AMANAT» партиясы съезінің күн тәртібі бекітілді

Автор: Аягөз Құрмаш

Съезге өңірлерден 1200 делегат сайланған

«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев партияның кезектен тыс XXV съезінде сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Партиямыздың съезі жаңа форматта өтіп жатыр. Съездің шешімі тек делегаттардың қол көтеріп, ашық дауыс беруі арқылы ұсынылады», - деді Елнұр Бейсенбаев.

 

Партияның саяси кеңесінің құрамынан Ұлытау және Жетісу облыстарының әкімдерін шығару туралы мәселе ұсынылады.

«Сондай-ақ облыстардың құрылғанын ескеріп, барлық аймақтың өкілдігін қамтамасыз ету үшін саяси кеңестің құрамына партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байқожаевты, Абай облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменовті және партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаевты енгізу ұсынылады», - деді Бейсенбаев.

Дауыс беру арқылы съездің күн тәртібі бекітілді.

Кезектен тыс XXV Съездің күн тәртібі:

  1. Партия Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.

  2. Партиялық тізімдер және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды бекіту туралы. 

 3. Партияның сайлауалды бағдарламасы туралы.