Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 1 адам көз жұмды – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

КВИ-ге шалдыққандар арасында 7 адамның жағдайы ауыр

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 51 адамнан, коронавирус белгілері бар пневмония 7 адамнан анықталды. Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

7 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 1 520 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 372, пневмониядан (КВИ-) – 148) емделуде. Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 399 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр.