Әнші Алтынбек Қоразбаев 1 ақпан күні 75 жасқа толды
Белгілі композитор, әнші Алтынбек Қоразбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков сияқты шәкірттері ұстаздарына темір тұлпар мінгізді. Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сіздердің де шәкірттеріңіз еңбектеріңізді бағалап тұлпар мінгізсін», – деп жазды желіде өнер иесі.
Айта кетейік, композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев 1 ақпан күні 75 жасқа толды.