Зейнеткер автокөлігін заңдастыру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінген
Көкшетау қаласының 83 жастағы тұрғыны қазақстандық нөмір алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 1 ақпан зейнеткер Алла Волкова ВАЗ 2107 автокөлігін заңдастыру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінген.
«Көліктің РФ-дағы есептен шығарылмағаны белгілі болды. Зейнеткер қызымен бірге көрші мемлекетке барып, автокөлікті есептен шығарып, 4 ақпан күні қайтадан ХҚКО-ға жүгінді. Өтініш берген сәттен бастап қазақстандық нөмірді алғанға дейінгі уақыт бір сағаттан аспады. Ақмолалықтар полицейлерге алғыс білдіріп, оларға денсаулық пен жұмыстарына табыс тіледі», - делінген хабарламада.