Жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасына өтінім беру 18 секундта аяқталды

Автор: Әйгерім Ердәулет

Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталды

Фото ашық дереккөзден

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мәліметінше, autonesie.kz платфорформасы арқылы алғашқы минутта 125 мың адамның өтінім берген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Небәрі 18 секундтың ішінде 761 адам толық өтініш беріп үлгерген. 

Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталды.

Өтініш беру процесінде кейбір пайдаланушылар автомобиль өндірушісін таңдай алмады. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мұның да себебін өтінім лимитімен байланыстырды.

Естеріңізге сала кетейік, келесі өтінімді қазақстандықтар наурыз айында бере алады. Яғни, әр ай сайын онлайн өтінім беру жалғасады.