Шетелдік автомобильдерді заңдастырудың екінші аптасы өтті
Бүгінгі таңда 36 мың қазақстандыққа олардың автомобильдерін заңдастыру мақұлданған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апта сайынғы брифингінде мәлім болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Олардың мәліметінше, 16 мыңға жуық адам көлігін тіркеуден өткізген.
Айта кетейік, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Өтінім беру тәсілдері:
- электрондық үкімет порталы арқылы eGov.kz;
- екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары.