Тоқаев Екібастұздағы жылу мәселесіне қатысты жағдайды реттеуді тапсырды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Фото ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев Роман Склярға және Павлодар облысының әкіміне Екібастұзда пәтерлер мен әлеуметтік нысандардағы температура режимін тұрақтандырды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді.