Республика бойынша көктайғақ болып, тұман түседі
Синоптиктер 6 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан басым бөлігі әлі де антициклон мен соған байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болғандықтан тұрақсыз ауа райы сақталады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республикамыздың солтүстік жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын болып, онтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауып, жел күшейеді, көктайғақ болып, тұман түседі.
Астанада бүгін қар жауады. Ауа температурасы 5-7 градус аяз болады. Күндіз жел соғады, екпіні 3-8 м/с жетеді.
Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз ауа райы болады, көшпелі бұлт шығуы мүмкін. Күндіз 4-6 градус жылы болуы мүмкін. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы 2-7 м/с жетеді.
Шымкентте синоптиктер көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды деп болжанады. Күндіз ауа 6-8 градусқа дейін жылынады. Бүгін қалада желдің жылдамдығы 3-8 м/с жетеді.