Израильде мыңдаған адам сот реформасына қарсы наразылық акцияларына шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Үкіметке қарсы акциялар Израильде бесінші апта қатарынан өткізілуде

Фото ашық дереккөзден

Израильде мыңдаған адам Беньямин Нетаньяху үкіметі алға тартқан сот реформасына наразылық акцияларына шықты. Наразылық шарасы Тель-Авивте, Хайфада және елдің басқа қалаларында өтті.

Реформа, атап айтқанда, Израильдің жоғарғы әділет сотының Үкіметтің заңдары мен шешімдеріне қатысты өкілеттіктерін шектеуді, сондай-ақ министрлер кабинетіне судьяларды іріктеуді бақылауды қамтамасыз етуді көздейді.

Үкіметке қарсы акциялар Израильде бесінші апта қатарынан өткізілуде.

Бұған дейін Израиль Жоғарғы Сотының Төрағасы бұл реформа «демократияға өлім соққысы» болатынын айтқан болатын. Бас прокурордың пікірінше, реформа Үкіметке «шексіз дерлік билік» береді және «конституциялық қорғауды әлсіретеді».