Оның үшеуі – бала
Тараз қаласында пәтерден өрт шығып, 5 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 4 ақпанда сағат 10:10-да Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарын жедел басқару орталығына бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сағат 10:34-те жойылды.
Өрт сөндірушілердің күшімен 5 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, 20 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8 бала.
1981 жылғы пәтер иесі мен оның 1987 жылғы жұбайы күйікпен ауруханаға жатқызылды.