Оқиға 2023 жылдың 3 ақпанында «Арысқұм» кен орнында болған
Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі жүргізушісі түсініксіз жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2023 жылдың 3 ақпанында «Арысқұм» кен орнында болған. Екеуі де қосалқы мердігер жүргізуші болып жұмыс істеді.
«3 ақпанда сағат 11: 38-де «Саутс Ойл» ЖШС-нің екі жүргізушісі қайтыс болды», - делінген ТЖ департаментінің хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, бірінші адам демалыс бөлмесінде, екіншісі көлікте қайтыс болған.