Ресейге пияз жеткізбек болған 2 жүк көлігі шекарадан қайтарылды

Автор: Azattyq Rýhy

28 қаңтардан бастап 3 ай мерзімге Қазақстаннан пиязды әкетуге тыйым салынған болатын

Ақтөбе облысында пиязды Ресейге тасымалдамақшы болған 2 ауыр жүк көлігі шекарадан қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысындағы «Жайсан» автомобиль өткізу пунктінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан пиязды тасымалдаған 2 ауыр жүк автокөлік құралының шекарадан шығуына жол берілмеді. Аталған автокөлік құралдарының жүргізушілеріне тыйым салынғаны туралы хабарланды.

Қазіргі уақытта пиязды жөнелтушілерге қайтару немесе оны Қазақстанның басқа облыстарында сату туралы мәселе шешілуде.