Таразда 4 жасар бала токқа түсіп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бала ауыр халде ауруханада жатыр

фото: www.goodfon.ru

Таразда 4 жасар бала токқа түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тараз қаласында Абдуллин көшесі бойында ересектердің қарауынсыз қалып, трансформатордың жанында ойнап жатқан кезде 2018 жылы туған баланы электр тоғы ұрып ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.