Түркістандық полицей ағын суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Суға батып бара жатқан адамды байқап қалған тәртіп сақшысы бірден суға секірген

фото: polisia.kz

Түркістандық полицей суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түнгі уақытта Сауран ауданындағы Шаға ауылында учаскелік полиция инспекторы Абай Байжұман ер азаматтың суға түсіп кеткенін байқайды.

Бірден көлікті тоқтатып, үстіндегі нысанды киімімен суға сүңгіп кетеді. Ағын судың ортасынан ер азаматты ұстап, алып шығады. Ер азамат дереу емханаға жеткізілді.

Айта кетейік, 2 күн ішінде Түркістан облысының полицейлері арнайы мамандармен бірге 200-ден астам адамды эвакуациялап, қауіпсіз жерге алып шықты.