Съезге Қазақстанның барлық аймағынан келген 46 делегат қатысты
Астана қаласында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының XX кезектен тыс съезі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Съезге Қазақстанның барлық аймағынан келген 46 делегат қатысты. ЖСДП-ның жоғарғы басшы органы наурыз айында өтетін сайлау науқанына қатысуға шешім қабылдады. Жиын барысында жауапты тұлғаларға сайлауалды бағдарламаны әзірлеу тапсырылды.
Партиялық тізім бойынша ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар өкілдерінің квотасын сақтап, 19 кандидат бекітілді.
Ал мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну филиал конференцияларында шешілетін болады. Партиялық тізімді қалыптастыруға кіріспес бұрын партия мүшесі Нұрлан Әуесбаев сөз сөйледі.