Түркістан облысында бірнеше ауылды су басып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

«Су тасқынына қардың еруі мен жаңбырдың көп жауғаны себеп болды...»

Түркістан облысында бірнеше ауыл судың астында қалды. Бұл туралы Azattyq Ruhy kyzylordatoday Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш парақшада 2 ақпан күні Кентау мен Түркістан қалаларында, сондай-ақ Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аулалар мен көшелер су астында қалғаны жазылған.

«Тұрғындар ауылдан шыға алмай отыр, ал мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді. Су тасқынына қардың еруі мен жаңбырдың көп жауғаны себеп болды», - делінген.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі болған оқиға туралы түсініктеме берді.

«Көліктегі адамдар эвакуацияланды. Бірақ көлік судан шығарылған жоқ. Адамдар Мыңбұлақ елді мекеніне жеткізілді. Барлығы сәтті аяқталды», - делінген хабарламада.

Мыңбұлақ ауылы Түркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан.