Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі жасанды ұрықтандыру рәсімін күту ұзақтығы едәуір қысқарды
Астанада «Аңсаған сәби» бағдарлама аясында былтыр 15 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq ruhy Elorda.info сайтына сілтеме жасап.
Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі жасанды ұрықтандыру рәсімін күту ұзақтығы едәуір қысқарды.
Сондай-ақ, бедеуліктің әртүрлі формалары бар науқастарға қатысуға мүмкіндік пайда болды. Мысалы, 2019 жылы елордаға небәрі 74 квота бөлінген. Ал 2021 жылы шаһарда 487 жұп МӘМС аясында ЭКҰ процедурасын өту мүмкіндігін алса, 2022 жылы 518 ерлі-зайыпты бағдарламаға қатысқан.
Ал бүгінде Астана бойынша бедеулікпен есепте 1 300-ден астам пациент тұр.
Елімізде алғаш рет 2010 жылы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында тегін экстракорпоральды ұрықтандыру жүзеге аса бастады.