Ол осылайша, Дональд Трамптың бәсекелесі болмақ
Оңтүстік Каролинаның бұрынғы губернаторы, республикашыл Никки Хейли 15 ақпанда 2024 жылы өтетін президент сайлауына кандидатурасын ұсынады. Ол осылайша, бұрынғы президент Дональд Трамптың бәсекелесі болмақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Жоспарды бірінші болып хабарлаған The Post and Courier жергілікті басылымының мәліметінше, Хейли президенттікке кандидатурасын ұсыну ниетін бүгін жариялайды.
Хейли 2017 жылдан 2018 жылға дейін АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі қызметін атқарды. Егер Хейли үміткерлікке ие болса, онда ол республикалық партияның атынан президенттік таққа таласқан бірінші әйел кандидат атанады. Одан бөлек, ақ нәсілдіге жатпайтын адам ретінде партияның бірінші үміткері болады.
Хейли Трамппен бірнеше рет айтысқан. Ол нәсілдік проблемалар бойынша да даулы үндеулерімен танымал болған. Ол 2011 жылдан 2017 жылға дейін Оңтүстік Каролина губернаторы болған.
Америкалық басылымның мәліметінше, Никки Рандхава шағын ғана қалашық саналатын Бамберг бастауыш мектебінде оқыған. Бала кезі қиындықпен өткен ол мектепке ерте барған және өзінен екі жас үлкен балалармен бір партада отырған. Есепке өте жүйрік болған. Үндістандық отбасында дүниеге келген Никки кішкентай кезінен-ақ өзінің діні, нәсілі және тіпті жынысы тұрақты проблема ретінде алдынан шыға беретінін түсінген.