Кәсіпорындар ішкі нарықты дизель отыны және бензинмен қамтамасыз етуге қатысты уәкілетті органның бастамаларын қолдайды, бірақ олар өндіретін өнімді экспорттауға тыйым салу мәселесіне қайта қарауды сұрады
Мұндай өңдейтін шағын зауыттардың өкілдері өндірілген өнімді экспорттауға тыйым салудың орындылығы туралы мәселе көтерді. Шектеу зауыттар қызметін тоқтып, барлау, көлік және сервистік кәсіпорындар сатысында тәуелсіз және шағын мұнай өндіруші ұйымдардың шаруашылық қызметіне әсер етуі мүмкін. Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Энергетика министрінің «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының жобасы ҚР аумағынан көліктің барлық түрімен мұнай өнімдерінің мынадай түрлеріне төрт ай мерзімге сыртқа тасымалдауға тыйым салуды көздейді:
– бензин и дизель отыны;
– мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері: нефрас, уайт-спирт, пеш отыны, аз тоннажды өңделген мұнай өнімдері болып саналатын кеме отыны;
– 3811 и 3826 00 топтағы тауарларға кіретін антиоксиданттар, шайыр түзілу ингибиторлары, тұтқырлықты реттегіштер, татқа қарсы заттар және мұнай өнімдеріне арналған қоспалар.
«Мұнай өңдейтін шағын зауыттар Энергетика министрлігінен өз өнімдерін өндіруге паспорт алды және мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу және айналым бойынша тұрақты түрде есептер ұсынады. Осылайша өкілетті орган процесті бақылауға мүмкіндігі бар», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП базалық салалар департаментінің басқарушы директоры Дінмұхамед Құдайбергенов.
Тыйым салынғаннан кейін бюджетке мұнай өндеуші шағын зауыттардан түсетін салық көлемі азаюы мүмкін. Орта есеппен алғанда, 2021 жылы экспорттық кедендік баждарды төлеуден түскен түсім 10 млрд теңгені құрады. Бұл кәсіпорындарда 1000-нан астам адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, шектеу зауыттың резервуар паркінде сақтаудағы дайын өнімнің артық жиналуына әкеп соғады.
«Мұнай өңдейтін шағын зауыттарда дизель отыны күкірт тазартатын кешендерді қолданумен өндіріледі. Бірақ өндіру мүмкіндігі бар мұнай өңдеуші шағын зауыттар саны аз. Негізінен мұнау өңдеуші шағын зауыттардың жеткізушілері барлау және өндіру сатысында жұмыс істейтін тәуелсіз және шағын мұнай өндіруші ұйымдар», – деді спикер.
Алдын ала деректер бойынша мұндай өңдеуші шағын зауыттар жыл сайын орта есеппен 750 мың тонна өнім шығарады. Соның ішінде мазут үлесі 350 мың тоннадан асады және ірі мұнай өңдеу зауыттарындағы барлық қайта өңделетін мұнайдың 3%-нан аспайды. 350-450 мың тонна шегінде қалдық нафт, кеме отыны, пеш және дизель отынынан құралады.
Бұдан басқа, бұйрық мазут экспортына тыйым салуды алып тастады. Бұл өз кезегінде МӨЗ және шағын МӨЗ-де шикі мұнайды өңдеудің негізгі өнімдерінің бірі және экспорттық нарықтарда барынша сұранысқа ие. Зауыттарды сақтау парктерінің бітелуіне және негізгі мотор отындарын өндіруге әсер етуіне байланысты МӨЗ жұмысының тоқтауы тәуекелдерін азайту тыйымды алып тастауға негіз болған. Ірі зауыттарда мазут өндіру жылдық көрсеткіштердің 11-ден 25%-ға дейін құрайды. Мысалы, ведомствоның деректері бойынша ірі зауытта мазут өндірісі 2022 жылы 2,7 млн тоннаны құрады, оның 68%-ы немесе 1,8 млн тоннасы экспортталды.