Қазақстан мен Литва туризмді бірлесе дамытпақ

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесу Литваның Вильнюс қаласында өтті

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан мен Литва туризмді бірлесе дамыту туралы келісімге келді. Қос мемлекеттің өкілдері Литваның Вильнюс қаласында кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан Республикасы тарапынан делегацияны Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев бастап барды. Жұмыс тобына Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің, ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің, «Kazakh Tourism» ҰК «АҚ, сондай-ақ «Шымбұлақ» тау-кен курортының өкілдері енген. Олар Литва Республикасы Экономика және инновациялар вице-министрі Винцас Юргутис бастаған жұмыс тобымен кездесіп, өзара келісімге отырды.

Вице-министр Еркінбаевтың сөзінше, пандемиядан кейін Қазақстан туризмінің негізгі көрсеткіштері қалпына келтіріліп қана қоймай, 2019 жылғы көрсеткіштерден де асып түскен. Қонақүйлерге  610 мың шетелдік туристі тоқтаған. Өткен жылдың қортындысы бойынша шамамен елге келген туристердің саны 1 млн адам деп болжаған.

Литвалық тарап Қазақстандағы экотуризм мен тау шаңғысы туризмі сияқты ұсыныстарды оң қабылдаған. Тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Бұдан басқа, елдер сауықтыру, тұрақты туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға, B2B байланыстарды ынталандыруға ниетті.

Қазақстан жағы Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» таулы курортында Литваның туризм күндерін және Вильнюс қаласында Қазақстанның туризм күндерін өткізуді ұсынды. Екі тарап кездесудің қортындылары бойынша құжаттарға қол қойды.