Астанада журналистерді қолдау қоры құрылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы мәлім етті

Фото ашық дереккөзден

Астанада журналистерді қолдау қоры құрылды. Бұл туралы «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Қордың жұмысы аз қамтылған отбасылардан шыққан жас журналистердің, жалғызбасты және көпбалалы журналистердің материалдық жағдайын жақсартуға, жас мамандардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге, баспана мәселесінің шешілуіне ықпалдасуға және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

«Аталған ұйым журналистердің беделін арттыру,кәсіби-шығармашылық мүддесін, авторлық және сабақтас құқықтарын,ар-намысын, іскерлік беделін қорғау, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын жақсарту, ардагер журналистерге тиісті деңгейде құрмет көрсету мақсатымен кәсіптік одақтармен ынтымақтастық орнатуды да жоспарлап отыр.

Осы орайда, алғашқы қадамдар да жасалды. Нәтижесін алдағы уақытта жария етеміз. Әріптестеріміздің қандай да бір өтініштерін білікті ардагер журналистер мен қоғам белсенділерінен құрылған арнайы комиссия қарайтын болады», - деді Берік Уәли.