Жарақат алған үш адам ауруханаға түсті
БҚО - да жол апатынан екі бала зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апаты 30 қаңтарда сағат 07:46 шамасында Қаратөбе ауданындағы Самара - Шымкент тас жолында болды. 36 жастағы жүргізуші басқаратын Opel Astra көлігі 48 жастағы Қырғыз Республикасының азаматының басқаруындағы Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
Opel Astra көлігіндегі 17, 15 және 46 жастағы жолаушылар ауруханаға жеткізілді.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.