Пәкістандағы теракт құрбандарының көпшілігі – полиция қызметкері

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл – елдегі қауіпсіздік күштеріне жасалған ең қауіпті шабуылдардың бірі

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласындағы мешіттегі лаңкестіктен қаза тапқандардың саны 83-ке жетіп, 150-ден астам адам жарақат алды. Қаза тапқандардың көпшілігі – полиция қызметкері, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Еуроньюске сілтеме жасап. 

Ауруханада жараланғандарға барған елдің премьер-министрі Шахбаз Шариф жарылыстың артында тұрғандарға қарсы «қатаң шаралар» қабылдауға уәде берді.

Бастапқыда ол үшін жауапкершілікті пәкістандық Талибан командирі өз мойнына алды, бірақ кейінірек діни нысандарға жасалған шабуылдар оның саясатына қайшы келетінін түсіндіріп, шабуылға қатысудан бас тартты.

Тақырыпқа орай: Пәкістанда мешітте жарылыс болып, 28 адам қаза тапты

Қаланың қатаң қорғалатын аймағында орналасқан сунниттер мешітіндегі шабуыл соңғы жылдардағы Пәкістан қауіпсіздік күштеріне жасалған ең қауіпті шабуылдардың бірі болды.