$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ақпараттық шабуыл көбейіп кетті»: Дархан Қыдырәлі журналистердің құқығы жайлы

Ол министрлік қандай жұмыс атқарғанын атап өтті

«Ақпараттық шабуыл көбейіп кетті»: Дархан Қыдырәлі журналистердің құқығы жайлы
Фото ашық дереккөзден

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Үкімет отырысының кулуарында журналистердің құқығы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Үкімет отырысына жиналған тілшілер министрге журналистер мен жеке ақпарат агенттіктеріне жасалып жатқан шабуылдарды айтып, министрлік бұл тарапта қандай қызмет атқарып жатқанын сұрады.

«Мен қыркүйектен бері арнайы 6 рет мәлімдеме жасадым: Ақтөбедегі оқиғадан бастап. Әр уақытта журналистердің құқығын қорғауға, оларға әртүрлі қолдау көрсетуге дайын екенімізді айттық. Ол туралы әлеуметтік желілерде де және өзімнің жеке аккаунтарымда баяндадым», - деді Қыдырәлі.

Сонымен қатар ол журналистермен кездескенін айтты.

«Мысалы Самал Ибраевамен кездесіп сөйлестім. Сондай-ақ Гүлжан Ерғалиевамен кездестім. Басқаларына да біз қолдау көрсетуге әзір екенімізді жеткіздік. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы арнайы тапсырма берді. Сол бойынша кейбір азаматтар ұсталып жатыр. Біз мәселені өз бақылауымызда ұстап отырмыз», - деді ол.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі министрлік журналистердің құқығын қорғауға әзір екенін айтты.

«Бізде ақпараттық шабуыл көбейіп кетті. Сондықтан бұл мәселеде біз журналистердің құқығын қорғауға әзірміз», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары