Қазір 1700-ден астам адам коронавирустан емделуде
Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 1 731 адам коронавирус инфекциясынан (–1 586+ және 145 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 111 пациент стационарда, 1 620 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр және 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.