Көлік иелеріне қазақстандық техпаспорт пен мемлекеттік нөмір берілді
Ішкі істер министрлігі шетелдік автокөліктерді заңдастырудың бесінші күнінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін заңдастырудың бесінші күні 24 438 өтінім алдын ала мақұлданды.
Бес күн ішінде ел бойынша 3 652 көлік заңдастырылды.
Көлік иелеріне қазақстандық техпаспорт пен мемлекеттік нөмір берілді.
Айта кетейік, шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтар күні басталған болатын.