Жаңадан сайланған сенатор қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Гүлмира Кәрімова 45 жаста болған

Фото: gov.kz

Сенаттың баспасөз қызметі жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова бүгін түнде 45 жасында кенеттен қайтыс болғанын хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген хабарламада.