Камбоджа Украинаға әскери көмек көрсетпейтін болды - БАҚ

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл туралы елдің премьер-министрі айтты

Камбоджаның Украинаға әскери қолдау көрсетуге мүмкіндігі жоқ, бірақ саперлерді оқытуға дайын. Бұл туралы Камбоджаның премьер-министрі Хун Сен мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сондай-ақ, Хун Сен Ресей өкілдерін миналарды іздеуге және жоюға үйрете алатынын атап өтті. 

"Камбоджа Украинаға ешқандай әскери қолдау көрсеткен жоқ. Камбоджада мұндай мүмкіндік жоқ", - деді Хун Сен. 

Камбоджа премьер-министрі Украинаға әскери де, минадан тазарту жөніндегі мамандарды да жібермегенін және көрсетілген көмек "таза гуманитарлық акт, біз де миналар мен оқ-дәрілерден зардап шеккен елміз" деп қосты ол.

Айта кетейік, Жапонияда 22 қаңтардан бастап ел аумағында украиндық саперлерді оқыту басталды.