27.01.2023, 00:16
Жаңалықтар
«Қазпоштаның» Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді
Күдіктіге қатысты нақты шешімді сот шығарады
Фото ашық дереккөзден
«Қазпоштаның» Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметінше, ол мердігер ұйымның өкілінен атқарылған жұмыс актісіне кедергісіз қол қоюы үшін ақша бопсалаған. Оның заңға қайшы әрекеті «Қазпошта» АҚ -ның ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлескен жұмыс нәтижесінде анықталды. Күдіктіге қатысты нақты шешімді сот шығарады.
«Ол кәсіпкерден атқарылған жұмыс актісіне кедергісіз қол қойып беру үшін екі миллион теңге қаржы бопсалаған. Кеше ғана сот санкциясымен қамауға алынды», - деді облыстық Жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің жетекшісі Дархан Құрақбаев.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты