26.01.2023, 22:04
Жаңалықтар
Рудный қаласында жылу құбыры тағы жарылды
Салдарынан 24 көп қабатты үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлға жылу желісінен ажыратылды
Instagram/rudny_official
Қостанай облысы Рудный қаласында жылу құбыры тағы жарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рудный қаласының Горняков көшесінде жылу құбыры жарылғаны туралы ақпарат қала әкімдігі баспасөз қызметінің Instagram парақшасында жарияланды.
«Рудный қаласында 2023 жылы 26 қаңтарда сағат 14.00-де Горняков көшесі бойында диаметрі 530 мм жылу трассасы жарылды. Салдарынан 24 көп қабатты үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлға жылу желісінен ажыратылды. Жылу желісіндегі жарықтың орны анықталды», - делінген хабарламада.
Ақауды жою бойынша барлық қажетті жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты