Елімізде қанша азамат шетелдік тіркеудегі көлігін заңдастырды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңдастыру науқаны дүйсенбі күні басталды

Қазақстанда 23 қаңтарда 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автомобильдерді біржолғы заңдастыру науқаны басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сәрсенбіде шетелдік автомобильдерді заңдастырудың үшінші күні өтті.

«Қазіргі уақытта 13 мың өтініш алдын ала мақұлданған. 879 адам өз көліктерін сәтті заңдастырды. Оларға қазақстандық техникалық паспорттар мен мемлекеттік нөмірлік белгілер берілді», - деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша сервис іске қосылды. Арнайы ХҚО-лардың жұмыс кестесі заңдастыруға байланысты өзгертілді.