Негізгі себеп - көктайғақ
Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында барлық жолдар уақытша жабылды, ал 7 өңірде жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыстағы ұзындығы мың жеті жүз километрден асатын 16 учаскеде жол қозғалысы шектелді. Бұл республикалық маңызы бар барлық автожолдардың жеті пайызы. Қарағанды облысының аумағында қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды», - делінген «Қазавтожол» компаниясы жариялаған жедел ақпаратта.